Маңғыстауда ауылға адасып келген аққу Каспийге жеткізілді

аққу
Фото: "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

АҚТАУ. KAZINFORM - Маңғыстауда табиғи парк қызметкерлері үйірінен адасқан аққуды теңізге жіберді.

"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің инспекторлары адасып, ауылға келген аққуды Каспий теңізіне жеткізгенін мәлімдеді.

«Сайөтес ауылы маңындағы базалардың біріне үйірінен адасып әлсіреп қалған аққу келіп қонғанын тұрғындардың бірі "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі қызметкерлеріне хабарлады. Мекеменің мемлекеттік инспекторлары аққуды алып, теңізге жеткізді», - деді парк директоры Нұрберген Қаратауов.

Бұдан бөлек, наурыз айында «Қызылсай» өңірлік табиғи паркіне қарасты «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында қоқиқаз, аққу, бірқазан, қасқалдақ, үйрек секілді маусымдық құстар ұшып келгені айтылды.

Сондай-ақ, парк инспекторлары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы фототұзаққа түскен дала аңдарының көктем уақытындағы жай-күйі фототұзаққа түсіп қалды.

Соңғы жаңалықтар