Маңғыстауда балабақшадан 30 миллион теңге ұрлаған бухгалтер сотталды

АСТАНА. KAZINFORM - Қылмыстық дерек Жаңаөзен қаласында тіркелген. Прокуратура екі бірдей мемлекеттік балабақшаның бюджетінен қаражат ұрлау фактісін анықтады. 

Жамбыл облысында әкімдік қызметкері сотталды
Фото: gov.kz

Тексерулердің нәтижесінде екі балабақшадан қаражат жымқырған бір бухгалтер болып шықты. Ол өзінің жеке шотына жалпы сомасы - 30 миллион теңгені заңсыз аударған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бухгалтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен, оған шартты түрде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал, 30 миллион теңге көлеміндегі қаражат мемлекетке толық көлемде қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар