Балама бергенше бәс тігейін: Ақтауда алимент борышкері 45 млн теңгесін букмекерге жұмсаған

Алимент төлемеген 421 борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды
Фото: Жасанды интеллект

АҚТАУ. KAZINFORM — Прокурорлар алимент төлемей жүрген 13 борышкердің 73,3 млн теңге кірісті жасырғанын анықтады.

Атап айтқанда, алимент бойынша борышкер А. 2023-2024 жылдары букмекерлік кеңседегі жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған.

Атқарушылық құжат бойынша 2,5 млн теңге берешегі болса да, ол сырт көзге өз міндетін орындап жатқанын көрсету мақсатында 85 мың теңге жалақыға жұмысқа формальды ғана орналасқан. 

Аталған факт бойынша прокуратура ҚР ҚК-нің 139-бабымен тергеу бастады.

Жыл басынан бері прокурорлардың бастамасымен 21 борышкерге қатысты тергеу басталған, 13 іс бойынша сот үкімі шықты, қалғандары тергелуде.

Прокуратура алимент төлемеудің құқықтық салдары бар екенін қатаң ескертеді. 

Соңғы жаңалықтар