Маңғыстауда BalQaimaq тағам фестивалі өтті
Ақтау қаласы іргесіндегі Tetysblu тематикалық паркі аумағында өткен тағам фестиваліне қаланың 20-дан астам үздік мейрамханасы мен кафелері қатысты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Шара Маңғыстау облысында туристік маусымды ұзарту мақсатында ұйымдастырылған.
Сонымен қатар фестиваль еліміздің қонақжайлығын көрсетіп, өңірдің гастрономиялық мәдениетімен таныстырды.
Шараға 2400- ден астам адам мен танымал өнерпаздар қатысты.

Бұл күні TetysBlu саябағына кіру тегін болды. Тақырыптық саябақта 13 аттракцион тегін қызмет көрсетіп, балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, шара барысында сүт өнімдерін даярлау тәсілдері бойынша тегін шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
- Маған концерттік бағдарлама қатты ұнады. Әншілер ерекше әсер қалдырды. Сондай ақ, құрт дайындауды да үйрендім. Алдағы уақытта өңірімізде осындай іс- шаралар көбейсе екен, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Мадина Өмірзақ.