Маңғыстау облысының тұрғындары электр жарығын делдалсыз пайдаланатын болды

АҚТАУ. KAZINFORM – Бұдан былай тұтынушылармен Маңғыстау өңірлік электр желілері компаниясы тікелей жұмыс істейді. 

уличное освещение көшелерді жарықтандыру
Фото: Kazinform

Бұл энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар арасындағы операциялық шығыстарды қысқартады.

Сондай-ақ, ендігі жерде барлық мәселе бір ұйым арқылы шешілмек. Мамандар бұл өзгерістер тариф құнына әсер етпейтінін айтады.

- Тариф өзгермейді. Бұл өзгерістер тұтынушыларға әсер етпейді. Олар электр энергиясын алуды жалғастыра береді. Барлығын тұтынушылардың ыңғайына қарай жасадық. Халық үшін өзгеріс енгізбеуге тырыстық, - дейді Маңғыстау өңірлік электр желілері компаниясының басшысы Қасымхан Сыздықов. 

Мамандардың айтуынша, тұрғындар төлемдерді мобильді қосымша арқылы төлей береді.

Ал тұрмыстық емес тұтынушылар қайта шарт жасауы тиіс. Жұмысы тоқтаған мекеменің жұмысшылары Маңғыстау өңірлік электр желілері компаниясына жұмысқа орналасатын болады. 

Бұған дейін, Елімізде электр жарығының шекті тарифі өзгеруі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар