Маңғыстауда домбырашылар ансамблі халықаралық фестивальдің бас жүлдесін иеленді

Халықаралық фестиваль
Фото: қоғамдық коммуникация орталығы

АҚТАУ. KAZINFORM – Бейнеу ауданы Сарға ауылындағы орта мектептің «Домбыра-Дастан» домбырашылар ансамблі Алматы қаласында өткен «Жаз дәурен» халықаралық фестивалінің бас жүлдесін (Гран при) жеңіп алды. 

Домбырашылар ансамблі бұған дейін Ақтау қаласында бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Маңғыстау таланттары» облыстық байқауында жүлделі 1-орын иеленіп, республикалық додаға жолдама алған болатын. Өнерпаздар енді Астана қаласында өтетін суперфиналда бақ сынайды.

бас жүлде
Фото: қоғамдық коммуникация орталығы

Ансамбль құрамында Сұлтан Ақмәрмәр, Кәрім Бағлан, Қараман Айдос, Сұлтан Арыстан, Сәуірғали Жанкелді және Сұлтан Қырымбек өнер көрсетті. Ал, өнерпаздарға Гүлбану Аманбаева жетекшілік етті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстауда афроамерикалық бүлдіршін мемлекеттік рәміздермен танысқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар