Маңғыстауда екі шетел азаматы босқын мәртебесін алды

Маңғыстауда екі шетел азаматы босқын  мәртебесін алды
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында биыл 4 пана іздеуші және 2 босқын мәртебесін алған шетел азаматтары  тіркелген, деп хабарлайды Kazinform. 

Босқын мәртебесін алғандар заңнамамен қорғалады. Мәртебе 1 жылға ғана беріледі. Ал оның ары қарай созылуын арнайы комиссия қарастырады.

«Босқын мәртебесін және пана іздеуші статусын алған азаматтарға Қазақстан аумағында белігілі бір заңнамамен белгіленген жеңілдіктер бар. Олардың жұмыс істеуіне, еркін жүріп-тұруына мүмкіндіктері бар», - деді Маңғыстау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досан Жеткізген.

Айта кетсек, биыл өңірге үш мыңға жуық қандас көшіп келген. 

Соңғы жаңалықтар