Маңғыстауда қант диабетімен ауыратын бала көбейген

Маңғыстау
Фото: Pexels

Маңғыстауда қант диабетіне шалдыққан балалардың саны артқан. Өткен жылы 188 бала болса, биыл олардың саны 200-ге жеткен, деп хабарлайды Kazinform. 

«Жылдан-жылға біздің ауруханамызға да келіп емделуші балалар саны көбейіп жатыр. Мысалы, 2022 жылдың 10 айында 188 бала емделген болса, осы 2023 жылдың 10 айында 200-дің үстінде бала емделіп жүр», - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Әлия Ешимова.

Жалпы өңірде 12 мыңнан аса қант диабетіне шалдыққан науқас бар. Ал былтыр аталған аурумен өмір сүретіндер саны 11 мың болған. Сонымен қатар облыстық ауруханада 2 жылдан бері «Диабет мектебі» жұмыс істеп тұр. Онда ата-аналарға балаларының балабақша мен мектепке бару режимі, дұрыс тамақтану тәртібі, инсулин гормонын пайдалану жөнінде тегін кеңес беріледі. Оған қоса 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер тіркелген емханасынан дәрі-дәрмек пен глюкометр және инсулин сорғы аппараттарын ала алады.

Соңғы жаңалықтар