Маңғыстауда қызылшаға қарсы 7000-ға жуық адам вакцина алды

Маңғыстауда қызылшаның эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру мақсатында 13 қарашадан бастап жаппай иммундау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы бағытта бір айда 6 903 адам екпе алған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Көркінбаева мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Вакцина
Фото: Өңірлік коммуникация орталығы

13 қарашадан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау жұмыстары 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан бастап 4 жас 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға және медицина қызметкерлеріне жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жаппай иммундау бойынша бір айда 6 903 адам вакцина алған.

- Бүгінге дейін облыстағы 181 мектептің 62-сінде қызылша жұқпасымен 169 бала, мектепке дейінгі 367 балабақшаның 72-сінде 99 бала ауырды. Ақтау қаласы бойынша 33 балабақшадан 39 науқас тіркелсе, Жаңаөзен қаласында 20 балабақшадан - 38 науқас, Мұнайлы ауданында 12 балабақшадан 15 бала ауырып жатыр. Ал өңірдегі 54 мектептің 20-сында 25 оқушы ауырған, - деді Гүлнар Көркінбаева.

Соңғы жаңалықтар