Маңғыстауда Құлалы аралынан 30-дан астам өлген итбалық табылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Бұл туралы «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Данияр Әкімжанов хабарлады. Табиғат жанашыры әрі, волонтер мамандарды шақырып, Құлалы аралында мониторинг жұмыстарын ұйымдастырған.

в
Фото: Данияр Әкімжанов

Мониторингке құзырлы орган өкілдері мен гидробиология және экология институтының мамандары қатысқан. Олар жағалаудың бірнеше шақырымын жаяу жүріп өтіп, нәтижесінде 37 итбалық өлексесін тапқан. Оның ішінде 7 итбалықтан тиісті сынамалар алынған.

Мониторинг жұмыстарына 2 шағын көлемді кеме және ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облыстық департаменті жағалау күзетінің 2-дивизионына қарасты жылдам жүретін катер жұмылдырылған.

Бұған дейін, Маңғыстауда теңіз жағалауынан 200-ге жуық итбалық өлексесі табылғанын жазған болатынбыз.