Маңғыстауда мектеп оқушысы 200 мың долларлық білім грантына ие болды

грант
Фото: Маңғыстау облыстық білім басқармасы

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтаудағы №13 гимназияның 11-сынып оқушысы Диляра Сапар Шанхайдағы Нью-Йорк университетінің (Қытай мен Нью-Йорк университеті арасындағы ынтымақтастықта құрылған алғашқы халықаралық қытай-американ университеті) грантына қол жеткізді.

Өңірдің білім басқармасының мәліметінше, ақтаулық жасөспірім үздік аттестатқа үміткер атанған. Ол шетелдік оқу ордаларының білім грантына үміткер ретінде өз мүмкіндігін сынап көру кезінде әлеуетін толық көрсете алды.

Нью-Йорк университеті әлемде беделді Times Higher Education University Rankings бойынша 30-шы орында тұрған деңгейі жоғары оқу орны саналады.

Университет 19 түрлі мамандықты оқытатын болса, ақтаулық оқушы Диляра Сапар бизнес және экономика саласын таңдап отыр.

Сондай-ақ, грант сомасы 208.000 АҚШ доллар долларын құрайды. Айта кететін жайт, университетке биыл 50 мыңға жуық үміткер құжат тапсырған. Ал бакалавр бойынша тек 1400 студент оқуға қабылданады.

Олардың жартысы Қытай елінен болса, қалған бөлігі Америка Құрама Штаттарынан және 70-ке жуығы өзге елдерден келіп оқиды.

Соңғы жаңалықтар