Маңғыстауда мерекеге орай 10 отбасыға пәтер берілді

пәтер
Фото: Мұнайлы ауданы әкімдігі

АҚТАУ. KAZINFORM  - Наурыз мейрамы қарсаңында Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында тұрғындарға 10 пәтердің кілті табысталды.

Аталған баспаналар ауданға қарасты Маңғыстау ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан. Берілген пәтерлерде толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық коммуникация желілерімен толық қамтылған. 

пәтер
Фото: Мұнайлы ауданы әкімдігі

Жаңа баспаналар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға, көпбалалы отбасыларға беріліп отыр.

«Барша баспана иелерін шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа құт, береке кірсін! Сіздер бұл күнді көп күттіңіздер! Наурыз мейрамы құтты болсын», - деді аудан әкімі Ержан Күмісқалиев.

Сонымен қатар Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі алда отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді жоспары әлі де жалғасатын мәлімдеді.

пәтер
Фото: Мұнайлы ауданы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар