Маңғыстауда ересек адам мен екі бала от шашудан зардап шекті

пиротехника
Фото: Жамбыл облысы ПД

Маңғыстау облысында от шашудан үш адам зардап шекті. Оның біреуі — ересек адам, екеуі - бала. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

- Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсеткен. Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артқан. Оның ішінде 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған.
От шашудан 3 адам жарақат алған. Оның біреуі - ересек адам, екеуі - кішкентай бала, делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда жаңажылдық отшашуға 3 млн теңге бөлінгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар