Маңғыстауда спорт мекемесінің бас есепшісі бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстауда Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырған. Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында аталған спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады.

Алматыда үлескерлердің 3,5 млрд теңгесін жымқырған жеті адам сотталды
Фото: Алина Түлеубаева/Kazinform

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Аталған дерек облыс прокуратурасымен тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданған.

Сот үкімімен Ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып, «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылды. Ал мекеменің бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Маңғыстауда есірткі сақталған жасырын қойманың табылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар