Маңғыстауда тағы бір адам теңізге батып, қайтыс болды

Суға кетті
Фото: Pixabay.com

АҚТАУ. KAZINFORM — Қайғылы оқиға Ақтау қаласынан 25 шақырымдағы шомылуға тыйым салынған «Шора» каналында болды.

9-маусымда сағат 18:56–да Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне аталған аумақта адам суға кетті деген ақпарат түскен.

Оқиға орнында үгіт-насихат жұмыстарында жүрген қызметкерлер барып, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды. 1981 жылы туған азамат жағадан шамамен 25-30 метр қашықтықта құтқарылып, жағаға шығарылды.

Оның айтуынша баласы суға батып кеткен. Сағат 21:30–да суға батып кеткен 21 жастағы тұрғынның денесі жедел құтқару жасағының күшімен, жағадан шамамен 130 метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдіктен табылды.

Суға түсу маусымы басталғалы бұл екінші қайғылы оқиға. Осыдан 4 күн бұрын 2 жасар бала теңізге батып, қаза тапты. 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum