Маңғыстауда тұмау маусымы басталғалы бір короновирус жағдайы анықталған

коронавирус
Фото: pixabay.com

Тұмау ауруларының эпидемиологиялық маусымы 2023 жылдың 1 қазанынан басталды. Маңғыстау облысында осы аралықта бір короновирус жағдайы анықталған, деп хабарлайды Kazinform.

– Тұмау емес инфекцияларға полимеразды тізбек әдісімен 102 адам тексеріліп, 39 жағдай оң нәтиже берді. Оның ішінде аденовирус – 9, РС – 15, парагрипп 3 – 1, парагрипп 4 – 1, риновирус – 11, короновирус – 1 және метапневмовирустыфң 1 жағдайы анықталды, - деді Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Эпидемиологиялық маусымда тұмау ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс тұрғындарының 10 пайызын егу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар