24 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 24 желтоқсан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Kazinform

АСТАНА

Сағат 10.00-де ҚР Цифрлық үкімет ғимаратында ҚР Үкіметінің көшпелі отырысы өтеді.

Сағат 10.00–де даңқты батыр жауынгерлер есккерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Өтетін орны: Б.Момышұлы даңғылы, Жерұйық саябағы.

Сағат 16.00-де Орталық Азияда тұңғыш рет ҚР запастағы әскери қызметкерлерін әлеуметтік қолдау орталығының салтанатты ашылу рәсімі. Өтетін орны: Бөкейхан 2В.

Сағат 18.00-де жыл сайынғы «Үздік - 2024» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі. Rixos President Astana.