Маңғыстауда тұрмыстық зорлыққа ұшыраған 11 әйел шұғыл көмек көрсету орталығына жүгінген

Отбасылық зорлық
Фото: Kazinform

Маңғыстауда биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Рай» әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығына 11 әйел және 32 бала көмекке жүгінген, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығының директоры Райхан Бекманованың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған үй 15 адамға арналған. Сонымен қатар орталыққа келген әрбір әйелге 8 бағытта көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, әлеуметтік қызмет, құқық, психологиялық, тәрбиелік,педагогикалық, мәдени-демалыс сауықтыру және еңбек терапиясы.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әрбір әйел орталықты 6 айға дейін паналай алады. Бірақ оның мәселелерін шешу үшін өзінің келісімі мен құқығы бойынша паналау мерзімін анықтаймыз. Әйел 1 айға немесе бір күнге келуі мүмкін. Егер ол жыл ортасында келсе, онда ол желтоқсан айына дейін осында өмір сүре алады. Өйткені, біз жыл басынан бастап санаймыз,-дейді Райхан Бекманова.

Айта кетсек, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған аналар бірден осы нөмірге хабарласа алады: + 7 778 559 6463.

Көрсетілген нөмір республика аумағы бойынша тіркелген.

Соңғы жаңалықтар