Маңғыстауда үздік мектеп ұжымына 3 лауазымдық жалақы мен қызметтік автокөлік беріледі

АҚТАУ. KAZINFORM - Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде білім сапасын арттыру мақсатында жыл сайын «Үздік мектеп ұжымы» рейтингін өткізуді тапсырды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

мектеп
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

- Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде білім сапасын арттыруға ерекше назар аударып келеді. Соның аясында облысымызда заман талабына сай жайлы мектептер салынып жатыр. Енді сол мектептердегі білім деңгейін көтеру үшін жыл сайын рейтинг жасап, «Табысты мектеп» жобасын іске қосуды ұйғардық. Біз ұстаздар мен оқушылардың ынтасы мен жігерін арттыруды, шығармашылық қабілеттерін ашуды мақсат тұтып отырмыз, - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

мектеп
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жобаның мақсаты - білім беру ұйымдарындағы үздік іс-тәжірибелерді насихаттау және мектептердің жетістіктерін анықтау, мектепаралық бәсекелестікті дамыту.

«Табысты мектеп» жобасы оқу жылының көрсеткіштері негізінде қорытындыланады.

мектеп
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Көрсеткіштері жоғары үздік мектептерге:

- 1 орынға - мектеп директорына қызметтік автокөлік беріледі және мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 3 лауазымдық жалақымен марапатталады;

- 2 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады;

- 3 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 1 лауазымдық жалақымен марапатталады.

Осыған дейін Маңғыстау облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын хабарладық.

мектеп
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
мектеп
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Соңғы жаңалықтар