Маңғыстауда жасөспірімді ит талап тастады

АҚТАУ. KAZINFORM — Оқиға Ақшұқыр ауылында болды. Тапа-тал түсте көшеде 15 жасар жасөспірімді қаңғыбас ит талаған.

Оқушыны ит талап тастады
Фото: Видеодан скриншот

Абырой болғанда жақын маңда жүрген тұрғындар көмекке келіп, баланы әрең арашалап алған. Содан соң, жедел жәрдем қызметін шақырған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірім балалар аруханасының травматология бөліміне жатқызылған. Жағдайы тұрақты. Ем тағайындалған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, зардап шеккен оқушы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда 9-сыныпта оқиды. 

Бұған дейін, Маңғыстауда қаңғыбас иттер асыл тұқымды 40 ешкіні қырып кеткен еді.

Сонымен қатар, елордада 19 жастағы жігіт атылып қалғаны да хабарланды.

Соңғы жаңалықтар