Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушыдан 175 млн тенге өндірілді
АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық прокуратурасы Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының қызметінде жүргізілген тексеру кезінде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жер қойнауын пайдаланушы «BNG Ltd» ЖШС жер қойнауын пайдалану кезеңінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына 2022-2023 жылдарға арналған шығыстар бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларымен мемлекет кірісіне 175 млн теңге қаржы өндірілді.
Жер қойнауын пайдаланушылар отандық тауарларды сатып алуға басымдық беретінін хабарладық.
Сондай-ақ Атырау облысында жер қойнауын пайдаланушыға 12,2 млрд теңге айыппұл салынды.