Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушылардан 50 млн теңгеден астам қаржы өндірілді

жер телімі
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында, жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге құқығы бар) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар; қазақстандық қызметкерлерді оқыту; тарату қорын толықтыру; қол қою бонусын төлеу сияқты келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерді орындамау фактілері анықталды.

«Берешектің жалпы сомасы 400 млн теңгеден асты. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушы „Д.А.Б.“ жүйелі түрде 4 жыл бойы (2019-2022 жылдары) Маңғыстау облысының әлеуметтік–экономикалық дамуына жалпы сомасы 9 млн теңгеге аударым жүргізбеген. Осыған ұқсас фактілер іс жүзінде барлық жер қойнауын пайдаланушыларда анықталды», — деп жазды ведомстводан.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларымен бүгінгі таңда мемлекет кірісіне 50 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, 7 жер қойнауын пайдаланушының кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиялары қайтарып алынды. Берешекті өндіріп алу жұмыстары, соның ішінде сот тәртібімен жалғасады.

Соңғы жаңалықтар