Маңғыстаудағы алкогольден бас тартқан ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Маңғыстаудағы Онды ауылындағы дүкендерде алкоголь сатылмайды. Нәтижесінде соңғы үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды Kazinform.

«Маңғыстау ауданындағы Онды ауылы қылмысты азайту бойынша рекорд жаңартып отыр. Бұл ауыл осыдан үш жыл бұрын алкогольден толықтай бас тартқан. Жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығын белсенді жүргізеді: ет, сүт өнімдерін өндіреді. Ауылда 45 шаруа қожалығы табысты жұмыс істеп тұр», - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Жақында Онды ауылдық округі республикалық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енгізілді. Сол арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылданбақ.
Онды ауылы да әдеби саладағы тарихи мұрасымен мақтанады, өйткені дәл осы жерде жазушы Әбіш Кекілбаев туып-өскен.