Маңғыстаудағы экологиялық бұзушылықтар: компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды
АСТАНА. KAZINFORM – Табиғатты қорғау прокуратурасы талдау барысында экологиялық заңнама талаптарының бұзылғандығын анықтады.
«Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы „Жалғызтөбемұнай“ ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.
Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды», — деп жазды бақылаушы органнан.
Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады.
Бұған дейін павлодарлық кәсіпорын экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі көлемде айыппұл төледі.