Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркінде арқар мен қарақұйрық саны көбейді

арқар
Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

Маңғыстауда «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қорғауындағы арқар, қарақұйрық басы 18 пайызға көбейіп, аңдар мен құстар үшін даладағы 52 бұлақтың көзі ашылған. Бұл туралы «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры мәлімдеді.

Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік-өңірлік, табиғи паркінің негізгі міндеті — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және өсімін молайтуға бағытталып отыр. Қызылсай паркінің құрамына «Тасорпа», «Манашы», «Жабайұшқан», «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалдары мен Қызылсай паркі кіреді.

жануарлар
Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

«Жүзге жуық адам еңбек ететін мекемеге 2023 жылы 6 жаңа (патриот уаз) автокөлік берілді. Құрамында ғылыми, техникалық, қаржылық, өрт қауіпсіздігі бөлімдері бар нысанның жаңа техникамен толығуы табиғат, өсімдік, аң, құстарды қорғау, толықтыру, көбейту жұмыстарына күнделікті қажет», - дейді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы М.Қаратауов.

табиғи парк
Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

Оның айтуынша, ерекше қорғауға алынған арқар, қарақұйрықтың басы көбеюі мен бұлақтардың көзін ашуда мемлекеттік инспекторлардың тынымсыз еңбегінің үлесі зор болып отыр.

табиғи қорық
Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

 

 

Соңғы жаңалықтар