Маңғыстаудағы Жармыш ауылының тұрғындары 7 жыл күткен ауыз суға қол жеткізді
АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстаудағы Жармыш ауылында ауыз су мәселесі толықтай шешімін тауып, тұрғындар қуанышқа кенелді.
Ауылға су құбырын тарту жобасы бойынша жұмыстар 2006 жылы басталған болатын. Алайда, санаулы үйге су бергеннен кейін, түрлі себеппен бұл жоба тоқтап қалған. Кейін жобаға сан мәрте өзгертулер мен түзетулер енгізіліп, мердігер мекемелердің ауысуынан аталған жұмыстар бірнеше жылға созылған. Араға 11 жыл салып, 2017 жылы су құбырын жүргізу мәселесі қайта жанданды.

Биыл құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 340 отбасы тұратын Жармыш ауылына ауыз су жеткізілді.
– Үйімізге су келіп, қуанып жатырмыз. Көп жылдан бері суды құдықтан тасып, ішіп отырдық. Енді міне, құбырмен үйге тікелей су келіп тұр. Жобаға атсалысып, көмектескен барша жанға алғыс айтамыз, - деді ауыл тұрғыны Балсұлу Жаңаева.
Бұған дейін, Маңғыстауда Қызыл кітапқа енген жабайы аң-құстардың жылына 15-20% көбейіп жатқаны туралы жазған болатынбыз.