Маңғыстаудың бір ғана ауданында әкім сайлауы өтеді

5 қараша күні өтетін саяси науқанда Маңғыстауда бір ғана Бейнеу ауданының әкімі сайланады. Бұл орынға 5 үміткер тіркелген. Ауданда 30 учаске саяси науқанға дайын, деп хабарлайды Kazinform. 

Маңғыстаудың бір ғана ауданында әкім сайлауы өтеді
Фото: Kazinform

Ұсынылған құжаттардың талапқа сәйкестігі тексерілген. Нәтижесінде 5 кандидат тіркеліп, оның төртеуі өзін ұсынған.

«10 қазанда сағат 18:00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды. Аудан бойынша 40 134 сайлаушы бар. Олар арнайы жабдықталған 30 учаскеде дауыс бере алады», - деді Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Таңат Амалбаев.

Айта кетейік, ауданда 75 мыңнан астам адам тұрады. Оның ішінде 40 мыңға жуығы дауыс беру құқығына ие. Сайлау учаскелерінде 188 комиссия мүшесі жұмыс істейді.

Үгіт кезеңі 4 қарашаға дейін жалғасады.