Манго жемісі мың түрлі дертке дауа

АСТАНА. ҚазАқпарат - Манго жемісі сан түрлі дертке дауа, оның ішінде ішек обыры мен демікпенің алдын алады. Мангоның сондай-ақ шаш пен тері күтіміне де пайдасы зор.
None
None

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, манго семіздіктің алдын алады. Мамандар бұл жемісті диабет пен жүрек-қан тамырлары, ас қорыту мүшелерінде қиындықтары бар адамдарға жеуге кеңес береді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Гарвард университетінің мамандары мангоның құрамындағы бета-каротин демікпе ауруының алдын алатындығын айтуда. Сондай-ақ күнделікті тағам рационына бета-каротинді қосу обырды да болдырмайтын көрінеді. Сонымен қатар мамандар манго обырдың барлық түрін болдыртпауға көмектеседі деп тұжырым жасауда.

Соңғы жаңалықтар