Маңғыстау әкімі Ақтаудағы бірқатар құрылыс нысандарымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтаудағы бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлады бүгінlada.kz.
None
None

Облыс әкімі 3 шағын аудандағы жаңа салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

2006-2013 жылдар аралығында инвестор мұнда 64 пәтерлі 4 апатты жағдайдағы үйді сүріп тастап, орнына 240 пәтерлі 4 үй салған.

2014 жылы әкімдік апатты жағдайда тұрған үйлерді сүру жөнінде 2014-2019 жылдарды қамтитын бағдарлама қабылдап, «Құрылыс Строй Сервис» ЖШС-мен келісім жасаған. Ондағы мақсат апатты үйлерді сүріп, орнына жаңа үй салып, апатты үйдің тұрғындарын сонда орналастыру. Мұны инвестор жүзеге асыруы тиіс. Қала әкімдігі болса, үйдің инфрақұрылымымен байланысты мәселлерді реттейді.

Бағдарлама үш кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші кезеңдер аяқталған. Үшінші кезеңді 2018 жылдың екінші тоқсаны мен 2019 жылдың 4-ші тоқсаны аралығында бітіру жоспарланған. Жоспарға сай 3 аптты жағдайдағы үдің орнына жаңа екі үй салынады және осы үйлерге апатты жағдайдағы тұрғын үйдің тұрғындары орналасады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов аталмыш бағдарламаны одан әрі жалғастыруды тапсырды.

«Әкімдік тарапынан инфрақұрылымды реттеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады»,-деді әкім.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов 3 шағын аудандағы тұрғын үйлерге талдау жасап, «Ақтаудағы апатты үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша инвесторларды тарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар