Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында күн ыстық болады - 13 маусымға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аумағында атмосфералық фронтальдық ағымдардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын өтіп, кейбір жерлерде найзағай жарқылдайды,

Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында күн ыстық болады - 13 маусымға арналған ауа райы болжамы

бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді. Республиканың тек батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы және Қарағанды облыстарында бұршақ түсуі мүмкін. Қызылорда облысында кейбір жерлерде желдің күші 17-22 м/с дейін жетеді, шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде, Маңғыстау облысының жағалауында тұман болады.

Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында күн қатты ыстық болады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейлерінің ауытқуы күтілуде.