Маңғыстау: Бейнеу ауданында шаңды дауыл тұрды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпараn - Маңғыстаудағы Бейнеу ауданында шаңды дауыл тұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Бейнеу ауданы бойынша ауа райының күрт нашарлап, шаңды дауыл болуына байланысты түстен кейінгі ауысымда оқитын 8451 мектеп оқушы онлайн форматқа ауыстырылды.

«Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан аумағынан өтетін республикалық маңыздағы автожолдарда аудандық полиция бөлімінің экипаждары күшейтілген жұмыс режиміне кірісті», - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар