Маңғыстау даласында қасқырды қорлау оқиғасы түсірілген видео желіге жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Маңғыстау даласында қасқырды азаптаған сәт түсірілген бейнежазба желіге жарияланды, деп жазды "Лада". Кадрде жол талғамайтын көлік жүргізушісінің қасқырды бірнеше рет таптап өткенін көруге болады. Қасқыр қанша рет қашуға әрекеттенсе де, адамдар оны қуып жетіп, қорлауын жалғастырған.

Маңғыстау даласында қасқырды қорлау оқиғасы түсірілген видео желіге жарияланды

Хайуанға қатігездік жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабында 500 АЕК көлемінде айыппұл немесе түзеу жұмыстарын тағайындау жазасы қарастырылған.