Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасы бұрынғы басшысының жаза мерзімі қысқартылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Марал Қадырдың ісі қаралды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Басқарманың бұрынғы басшысы Марал Қадырға өзіне бағынысты қызметкерлерінен ақшалай қаражатты бопсалаған 4 факті дәлелденгеннен кейін Ақтау қалалық сотының судьясы 5 мамырда мүлкін тәркілей отырып,  жалпы режімдегі колонияда жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.  Үкім жұмсартатын жағдайларды (Сотталушының кәмелеттік жасқа толмаған қызы бар) есепке алып, шығарылды.

 «Марал Қадыр ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 1, 4-тармақтары бойынша сотталды. Сот қаулысымен Атырау қалалық сотының 2017 жылғы 5 мамырдағы үкімі өзгертілді. ҚК 55-бабы 4-бөлігін қолдана отырып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды. Сотталушы мен оның қорғаушысының аппеляциялық шағымы, прокурордың апелляциялық наразылығы қанағаттандырусыз қалды», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұрханова.

Сот үкімімен М. Қадыр ҚР ҚК 366-бабының жоғарыда көрсетілген тармақтары мен бөліктері бойынша айыпты деп танылғанын атап өткен жөн. Қылмыстық жазалау мен жеке мүлкін тәркілеуден тыс сотталушы өмір бойына белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылады.

Сот қаулысы күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар