Маңғыстау мектептерінде есірткіге тәуелді балаларды анықтау үшін наркобекет ашылды
Оның айтуынша, наркобекеттердің құрамында мектеп басшысы, тәрбие жөніндегі орынбасары, мектеп инспекторы, психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекші бар.
- Наркобекеттердің мақсаты - білім ұйымдарындағы есірткі заттарға тәуелді және наркологиялық диспансерде есепте тұрған оқушылармен жұмыс, алдын алу шараларын жүргізу. Бүгінгі таңда наркологиялық диспансерде есепте тұрған оқушы жоқ, - деді Орынгүл Мамутова.
Сондай-ақ, брифингте Маңғыстау облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Эдуард Қуанаев сөз алды.
Оның айтуынша, есірткі бизнесінің барлық қылмыстық іс-әрекетінің басты буындарының бірі - жастарды интернет-ресурстары арқылы есірткі медиасына тарту.
- Ол жасырын сипатқа ие және хат алмасу жолымен келісілетін уағдаластық (Telegram, Vipoil қосымшаларында), төлем жүйелері бойынша қолма-қол ақшасыз тәсілмен, банк карточка шотына электронды ақшамен («биткоин» және басқа түрлері) аудару арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, жедел шара барысында «Никнейм» (есірткі сататын интернет тобы немесе дүкен) орнату және оны «мобильді нөмірге» байланыстыру техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Осыған байланысты қылмыскердің деректерін және оның орналасқан жерін анықтау қиынға соғады, - деді Эдуард Қуанаев.
Ашық көздерден алынған фото