Маңғыстау меморгандарында 60-қа жуық жемқорлық тәуекелдері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында 59 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. 

Маңғыстау меморгандарында 60-қа жуық жемқорлық тәуекелдері анықталды

Бұл туралы брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлеген Мендалиев хабарлады.

«Департаменттің жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру, мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға ерекше назар аударылуда. 2016 жылы осы бағытта 14 сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижелері Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, 59 ұсыным енгізілді, олардың 41-і қазіргі таңда орындалды»,-деп атап өтті ол.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг сияқты сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын жоятын жаңа алдын алу шараларын жүзеге асыруда.