Маңғыстау мен Астанада қылмыстық істерді қарау деңгейі төмендеп кетті - Жоғарғы сот
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Маңғыстау мен Астанада қылмыстық істерді қарау деңгейі төмендеп кетті.
Бұл туралы бүгін республика соттарының 2011 жылғы жұмысының қорытындылары жөніндегі кеңейтілген кеңес барысында Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров айтты.
Оның мәліметтеріне қарағанда, жоғары деңгейдегі сот өкілдері Маңғыстау облысында аудандық соттардың 23 азаматқа қатысты немеес 1,6 пайыз іске қатысты шығарған үкімдерінің күшін жойған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 0,2 пайызды құраған. «Ал Астана қаласына келетін болсақ, мұнда 21 адамға қатысты, яғни 1,3 пайыз қылмыстық
іс бойынша шығарылған үкімнің күші жойылды. Өткен жылы бұл көрсеткіш небәрі 0,8 пайыз болатын. Бұл ретте аудандық соттардың үкімдерін аппеляциялық жолмен өзгерту негізінен істі қарау барысында қылмыстық заңнаманы дұрыс қолданбау, қылмыстық-процессуалдық кодексті бұзу сияқты мәселелермен байланысты. Ал қадағалай тәртібімен сот үкімін өзгертудің басты себебі істі біржақты қарау мен тергеу жұмыстарының толыққынды жүргізілмеуіне қатысты болып отыр»,-деді Жоғарғы от төрағасы.