Маңғыстау мен Сарыағаш пойыз бағыттарына жаңа вагондар қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Алматы- Маңғыстау» және «Нұр-Сұлтан - Сарыағаш» пойыздарының құрамы 25 жаңа плацкарттық вагонмен толығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ сілтеме жасап.
«2019 жылдың тамыз айында жоғарғы сұраныстағы екі бағыт - «Алматы- Маңғыстау» және «Нұр-Сұлтан - Сарыағаш» пойыздарының құрамы 25 жаңа плацкарттық вагонмен толығады. Жаңа вагондар ауа салқындатқыш жүйелерімен жабдықталған. Сонымен бірге, заман талабына сай комфорт пен қауіпсіздік деңгейі, экологиялық таза әжетхана орындары, өртке қарсы дабыл жүйелері ескерілген», - деп жазылған ресми хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, жаз маусымында барлық вагондар іске қосылады.