07:49, 03 Мамыр 2017 | GMT +5
Маңғыстау мұнайшылары су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге қол ұшын созды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тасқын салдарынан үйлері су астында қалған Ақтөбе тұрғындарына маңғыстаулық мұнайшылар қол ұшын созды. Олар бір күндік жалақыларын тасқыннан зардап шеккендерге аударды, деп жазады «Хабар 24».
Қара алтын игерушілерден жиналған қаражат көлемі 53 миллион теңге болды. Бұл көмек Ақтөбедегі су тасқыны салдарынан үй-жайларына зиян келген азаматтарға берілді. Айта кетерлігі, өңірдің қазба байлығын өндіруші компания ұжымында 6 мыңға жуық маман қызмет атқарады.
«Бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып, елдің басына туған осы күнде қолымыздан келген көмегімізді жасап жатырмыз. Қазір енді Ақтөбе облысында құрылған қайырымдылық қоры бар, соған 52 млн теңгеден астам ақшаны аударып жатырмыз», - дейді мұнай компаниясы басшысының орынбасары Нұрсерік Күдіреев.