Маңғыстау облыстық дене шынықтыру басқармасының басшысы ақталып, қызметіне оралды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Сот шешімі бойынша айыптаудан ақталған Қанат Жұмабаев Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне қайта кірісті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру басқармасының басшысы ақталып, қызметіне оралды

«Қанат Жұмабаев 19 шілдеде жұмысына ресми түрде оралды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Ол өткен жылдың тамыз айында «бюджет қаражатын жымқырды» деген күдікке ілінген болатын. Тоғыз айға жуық тергеуде болып, мамыр айында сот шешімі бойынша толық ақталды.

Қанат Қошқарбайұлының еңбек жолы спорт саласымен тығыз байланысты. Ол жаттықтырушылықтан бастап мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымға дейінгі жолдан өтті. Айта кетсек, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы міндетіне 2021 жылдың қаңтар айында кіріскен еді.