Маңғыстау облыстық сотының ұжымы сенбілікке шықты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің әрбір азаматы қоршаған ортаны таза ұстауға, туған өлкені көгалдандыруға өз үлесін қосуы тиіс. Осы мақсатта Маңғыстау облыстық сотында сенбілік ұйымдастырылды.

 Маңғыстау облыстық сотының ұжымы сенбілікке шықты (ФОТО)

Облыс сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Рахметулла Хайруллин және облыстық сот судьялары мен сот қызметкерлері ат салысқан.

Сенбілік кезінде сот қызметкерлері сот ғимараты аумағын сыпырып, жол жиектері мен ағаш түптерін әктеп, ағаш көшеттерін отырғызды.
null null null null null