Маңғыстау облысы жастар саясаты басқармасының басшысы тағайындалды

None
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жастар саясаты мәселелері басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Ол - бұған дейін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры қызметін атқарған Мұқаш Оралбай, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұқаш Оралбай Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының маманы болып бастаған.

2017 жылдан осы уақытқа дейін жастар саясаты саласында жұмыс істеді. Маманнан қызметінен бастап, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысына дейінгі жолдан өтті.

Нұрлан Ноғаев жаңа басшыға сәттілік тілеп, өңірдің жастар саясаты саласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар