Маңғыстау облысына 2 000 доза қазақстандық вакцина жеткізілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау өңіріне қазақстандық «QazCovid-in» вакцинасының 2 000 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
None
None

Брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев әкелінген екпенің 1000 дозасы I компонентке, тағы 1000-ы II компонентке жататынын айтты. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы отандық вакцинаны аймақтағы екпе егу пункттеріне таратып жатыр.

«Қазақстандық вакцинаның ресейлік «СпутникV» екпесінен ерекшелігі – сақтау температурасында. Ресейлік препарат -18-ден төмен температурада сақталса, отандық вакцинаны +2, +8 градуста ұстауға болады. Отандық вакцинаның тағы бір айырмашылығы – «Спутник V» сияқты ағзаға тірі жасушалар емес, өлі жасушалар енгізіледі. Яғни қауіпсіздігі жоғары. Бірақ бұл екпенің де екінші компонентін араға 21 күн салып алу керек.

Айта кетейік, таңдау тұрғындардың өзінде. Қазақстандық «QazVac» немесе ресейлік «Sputnik-V» екпесін салдыра ма, ол жағын өздері шешеді. Вакцинаның екі түрі де 18 және одан жоғары жастағы адамдарға салынады», - деді Ғазиз Надуев.


Соңғы жаңалықтар