Маңғыстау облысында 12 оқушы және төрт мұғалім коронавирус жұқтырды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 17-25 наурыз аралығында Маңғыстау облысында мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай, мұғалімдер арасында 4 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысында 12 оқушы және төрт мұғалім коронавирус жұқтырды

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Асылбек Шаров мәлім етті.

Оның айтуынша, 1 оқушыдан жедел ота жасату алдын өткізілген дәрігерлік тексеріс барысында, ал қалған 11 оқушы үйдегі қарым-қатынас арқылы вирус жұқтырған.

Коронавирус инфекциясы Ақтау қаласындағы 6 мектеп пен Мұнайлы ауданындағы «Қызылтөбе лицейі» ММ оқушыларынан анықталып отыр.

«Оқушылардың 7 - оффлайн, 5 - онлайн режимде оқиды. 12 оқушының сыныбы үй карантиніне алынды. 24 наурызда Ақтаудағы №15 мектебінде оффлайн режимде оқитын 2 «Б» сынып оқушысынан вирус анықталды. Үйдегі қарым-қатынас арқылы жұғып отыр. 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 17 наурызға дейін мектеп оқушыларының арасында 142 КВИ жағдайы тіркелді. Оның ішінде 89 оқушы онлайн, 53 оқушы оффлайн дәстүрлі форматта оқитындар», - деді Асылбек Шаров.

Ел бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 1115 жаңа жағдайы тіркелді. Маңғыстау облысында соңғы репродуктивті көрсеткіш - 1,1.

Облыста өткен жылдың 27 наурызы мен 2021 жылдың 25 наурызына дейін 4369 коронавирус инфекциясы тіркеліп, ауру деңгейінің көрсеткіші 592,9 құрады.

Оның ішінде шағыммен –1560 жағдай, шағымсыз – 2809 жағдай. Төсек-орын қорының көрсеткіші – 25 пайыз.

Аймақтар бойынша ауру деңгейі:

Ақтау қаласы 2520 жағдай- көрсеткіш 902,0(57,6%)

Бейнеу ауданы 433 жағдай - көрсеткіш 632,2(10,1%)

Мұнайлы ауданы 420жағдай - көрсеткіш 295,4(9,6 %)

Жаңаөзен қаласы бойынша 322 жағдай - көрсеткіш 225,7 (7,5%)

Маңғыстау ауданы 285жағдай көрсеткіш 818,1(6,5%)

Түпқараған ауданы 234 жағдай – көрсеткіш 691,0(5,3 %)

Қарақия ауданы бойынша 155 жағдай–көрсеткіш 422,0 (3,6%)