Маңғыстау облысында 26 жастағы қыз бес күннен бері іздестірілуде

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Бейнеу ауданының тұрғыны – 26 жастағы Айдана Айтаеваны іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында 26 жастағы қыз бес күннен бері іздестірілуде

А.Айтаева Бейнеу ауданының жергілікті тұрғыны. Ол 29 наурыз күні сағат 11:00 шамасында белгісіз бағытта кетіп, қайта оралмаған.

Полиция қызметкерлері көппәтерлі үйлердің шатырларын, коттедждерді, енсіз және құрылысы аяқталмаған үйлерді, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.

Белгілері: бойы 160-165 см, орта бойлы, шашы иығына дейін. Үстіне тізесіне дейін сұр түсті куртка, көк джинс шалбар, қара бәтеңке киген. Ерекше белгілері: сол қолы оң қолына қарағанда қысқа.

Қандай да бір ақпаратқа ие азаматтар Бейнеу ауданының полиция бөлімшесіне хабарласа алады: 8(72932)2-11-79 или 8(700)362-30-03, 8(701)302-60-33, 8(702)596-73-71 немесе 102.