Маңғыстау облысында 3 сәби ысты газға уланды

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жұма күні күндізгі уақытта 4 қабатты үйдегі пәтерлердің бірі өртенді, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нан.

Маңғыстау облысында 3  сәби ысты газға уланды

Өрт жарты сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Жалын салдарынан 3 жасар екі бала және 5 жасар бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.