Маңғыстау облысында 41 мыңнан астам ауыл тұрғыны скринингтен өтеді
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 41 694 ауыл тұрғынын скринингтен өткізу жоспарланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда 16 625 адам тексеруден өтті. 18-29 жастағылар – 12 020 адам. 30-44 жастағылар – 14 915. 45-65 жастағылар – 12 822. 66-70 жас – 1937 адамды құрап отыр. 220 адамнан аурушаңдық белгілері анықталған.
«Скринингтік зерттеулерге жататын ауыл халқы адамдардың қосымша нысаналы топтары: мінез-құлықтық тәуекел факторларын ерте анықтауға, артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға, асқазан-ішек жолдарының ауруларын және созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға, тыныс алу ағзаларының туберкулезін ерте анықтауға, қуықасты безі обырын ерте анықтауға болады. Маңғыстау облысы тұрғындар өздерінің тіркелген емханасы арқылы скринингтік тексерістен өте алады», - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы бастапқы медико-санитарлық көмек көрсетуді және қоғамдық денсаулықты сақтауды ұйымдастыру бөлімі басшысының м.а. Абзал Сырым.
Айта кетейік, скринингтік зерттеулер - әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені.