Маңғыстау облысында ауыл әкіміне ақша жымқырды деген айып тағылды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылсай ауылының әкімі ақша жымқырды деп айыпталуда. Бұл фактіні Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада.кз сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында ауыл әкіміне ақша жымқырды деген айып тағылды

Ведомствода атап өткендей, ауыл басшысы Бақытжан Іздіжанов ақшалай қаражат жымқырған. 1 қазанда ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

«Ол қылмыстық іс бойынша қосымша дәлелдердің жиналуына байланысты босатылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлады ведомствода.

Қосымша ақпарат хабарланған жоқ.

Оған ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша айып тағылуда. Оның айыбы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.