Маңғыстау облысында айлық жауын нормасы бір тәулікте жауған

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының батыс аумағында 28 шілдеде 1-13 мм жаңбыр жауған. Қазгидрометтің мәліметінше, бұл айлық жауын нормасына сәйкес келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысында айлық жауын нормасы бір тәулікте жауған

Ақтау қаласында да жауын нормасы айлық жауын нормасымен тең келеді.

Жаңбыр кешкі сағат 23:00 шамасында басталып, 06:00-ге дейін толассыз жауған.

28 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 10:00-ге дейін тағы жауған.

Қала көшелерінен су сорылып жатыр.


Видеодан алынған кадр