Маңғыстау облысында бір сыныпта 25 балаға дейін оқытуға рұқсат етілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 наурыздағы қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысында бір сыныпта 25 балаға дейін оқытуға рұқсат етілді

Оған сәйкес, Маңғыстау облысында 9 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде санитарлық-дезинфекциялық талаптарды және маска режимін сақтай отырып, сыныпта 25 балаға дейін оқытуға рұқсат етілді.