Маңғыстау облысында бұршақ жаууы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады «Казгидромет» РМК-ге сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.
10 тамызда Маңғыстау облысы аумағының бірқатар аймақтарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік, солтүстік шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Ақтауда 10 тамызда, күндіз солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғып, оның жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді деп күтілуде.